Павлодар облысында сұйытылған газ тиелген цистерналар темір жолдан шығып кетті

Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметінен хабарлады.
«Пойыздар қапталдағы жолмен жүріп жатыр.  Жолаушылар пойызы кестеден кешікпеуде. Зардап шеккендер жоқ», - делінген хабарламада.

Оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ арнайы комиссиясы құрылды. Павлодар жол бөлімшесін қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.