Павлодар облысының әкімі Қайрат Нүрпейісовтың бұйрығымен табиғат ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу жөніндегі департаментінің жаңа басшысы қызметіне Николай Нетребский тағайындалды.
Облыс әкімінің баспасөз қызметінің деректері бойынша, жаңа директордың жасы 59-да. Н. Нетребский Украинада туып, Целиноград ауыл шаруашылық институтының "агроном-ғалым" мамандығы бойынша оқу бітіріп, кейін Алматының "жоғары партия мектебін" тәмамдады.
Н. Нетребский Павлодар обласында, "Пограничник" совхозында агроном ретінде өзінің қызметін бастады. Аймақта бірнеше жыл бойы салық органдарында жұмыс істеді.
2005 - 2007 жылдар аралығында Павлодар облысының ҚР мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің төрағалық қызметін, кейін агенттіктің тәртіптік кеңесінің хатшылық меңгерушісі болып қызмет атқарды.
Соңғы жұмыс орны- облыс әкімінің бас инспекторының қызметі.