Павлодар облысында тасқын келтірген шығын 1 миллиардқа жақындады

Сәуір айының басынан бері облыстық және республикалық маңызы бар тас жолдардың 9 учаскесін су басып қалған. Мамандардың айтуынша, бүлінген жолдар мен Ащысу өзенінен өтетін көпірді жөндеуге миллиондаған қаражат пен бірнеше ай уақыт қажет. Әзірге қираған баспаналар мен қырылған мал басы жоқ. Десе де қызыл судың беті әлі қайтпағанын ескерген жөн. Қазір құтқарушылар жайылымда жүріп, суда қалған төрт түлікті қауіпсіз жерге шығарып жатыр. Судың деңгейі қазір біршама төмендегенімен, Павлодар-Қарағанды тас жолының жабылғанына үшінші тәулік болды.

Loading...