«407 ауылдың 79-ы, немесе 19,4%-ында орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету бар. Орташа алғанда республика бойынша бұл көрсеткіш 45%-ды құрайды», - деп кеңес барысында табиғи ресурстарды басқару және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Әлібек Несіпбеков мәлімдеді.
Оның айтуынша, бұл бағдарлама шеіберінде 2020 жылға дейін 230 ауылды, немесе 80%-ды орталықтандырылған сумен қамту жосрпарланған.
«Бағдарламаның орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету мүмкіндігін пайдалану бойынша мақсатты көрсеткіштеріне жету үшін жылына 40-тан астам жаңа бағдарламаны жүзеге асыру қажет. Алайда соңғы жылдары жаңа жобалардың республикалық бюджеттік комиссия тарапынан азы ғана мақұлдануда, жылына 2-3 жоба», - деп Ә.Несіпбеков кейістік танытты.
Оның айтуынша, жаңа құрылыс жобалар тапшылығы бірқатар себептерге байланысты қалыптасқан.
«Бұл геология комитеті өткізген конкурс қорытындыларын Бас прокуратураның жоюына байланысты 2011-2012 жылдары жерасты сулары қорын қайта бағалау жұмыстарының ұзақ жүргізілуінен болды. Ақырында, облыстың 39 ауылы бойынша тұжырым уақтылы алынбады», - дейді ол.
Екінші себеп соңғы жылдары облыстық бюджеттен жобалық-сметалық құжаттама әзірленімдерінің жеткілікті қаржыландырылмауы болып отыр.
Басқарма басшысының айтуынша, тек биылғы жылы ғана 55 жобаны құрастыруға 303 млн теңге бөліне бастаған.
Келесі тежеуіш фактор - топтық су құбырларын қайта жөндеу мерзімінің созылып кетуі. Ол аяқталғанда Ертіс және Май аудандарының отыз мыңнан астам тұрғынын сапалы ауызсумен қамту жоспарланған.
«Тапсырыс беруші - су ресурстары жөніндегі комитет. Жұмыс 2010 жылы басталған. Алайда 2012 жылдан бастап сот талқылаулары салдарынан жұмыс жүргізілмеуде. Мәселен, Май ауданы топтық су құбыры бойынша бірінші кезек аяқталмаған, екінші кезек жобасы мемлекеттік сараптама тұжырымдамасын алмаған. Беловодск топтық су құбыры бойынша жұмыс жартылай аяқталған, оңтайландыруға байланысты комитет жобаны түзетуді жоспарлауда», - дейді Ә.Несіпбеков.
23 маусымда топтық су құбырларын жүзеге асыру мәселесін қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары министрінің орынбасары және су ресурстары комитеті төрағасының қатысуымен сенат депутаттары қарастырды.
Комитетке шетін мәселелерді шешу және нысандардағы жұмыстарды жедел қалпына келтіру бойынша нақты ұсыныстар беру жөнінде тапсырма жүктелді.