Павлодар облысында тоққа түскен бала ажалдан аман қалды

Дәрігерлер оны облыстық ауруханаға апару үшін жарты тәулік уақыттарын жоғалтыпты. Қазір сәби аяқ-қолы маталып, есеңгіреп жатыр. Денесінің 15 пайызын күйік шалған. Сілкіп түсірген жоғары кернеу оның басына жабысып, тіпті, жамбас сүйектеріне дейін өтіп кеткен. Ал, қатып-пісіп қалған сол қолының жазылуы екіталай. Операция жасаған дәрігерлер ауру асқынып кетпесі үшін, енді оны шынтағына дейін кесіп тастамақ.


Серік Нұрланов, Павлодар облыстық балалар ауруханасының бөлім меңгерушісі:

-Сол қолының саусақтары зақымданған, мүгедектікке ұшырау қаупі бар. Кешенді операция жүргізіп, ампутация жасауды жоспарлап отырмыз.