Павлодар облысында туған күнін тойлап жүрген қыз бен тойға келген бір қонақ суға кетті

Қайғылы оқиға 10 мамырда болған. Иртышск ауданының 20-25 жас аралығындағы сегіз тұрғыны Ертістің жағалауында бір қыздың 19 жасқа толуын тойлап жүрген. Той үстінде жастар моторлы қайыққа мініп қыдырып қайтпақ болады. Алайда, жолаушылардың көптігін көтере алмаған қайық аударылып кеткен. Сегіз адамның алтауы құтқарылып, той иесі - қыз бен 23 жастағы бір жігіт қаза тапты.

Кеше жергілікті тұрғындар мен құтқарушылар мерт болғандардың мәйітін тауып судан шығарды.