Жасы 30-ға дейінгі мемлекетттік қызметте істейтін жас қыз-жігіттер қазақ тіліндегі білімдері бойынша, келушілермен тіл табысып, ресми іс-қағаздарды аудару бойынша байқауға түсті.
Бірінші орынды алған Наталья Канзюба мемлекеттік тілді еркін игергендігін паш етті. Ол енді облыстық конкурста аудан намысын қорғайтын болады.
Екінші орынға қазақ мақал-мәтелдерін жатқа айтып, Абайдың «Қыс» өлеңін мәнерлеп оқыған Наталья Веселовская ие болды. Мемлекеттік тілде жазылған іс-қағаздарды аударуда белсенділік танытқан Юлий Бурма үшінші орынды алды.