Павлодар облысында түрме қызметкері тұтқындарды үйіндегі жұмысқа салған

Түзеу мекемесі қызметкеріне лауазымын асыра пайдаланды деген айып тағылып отыр. Ол «2013 жылдың қыркүйек-қазан айларында тұтқындарды өзінің жеке меншік үйін жөндеу және жинау жұмыстарына пайдаланған», деп хабарлайды облыстық қаржы полициясы департаментінің баспасөз қызметі.

Қылмыстық іс материалдары қазір соттың қарауына берілді.