Павлодар облысында ВИЧ індетін жұқтырған жүкті әйелдерге тек кесарево тілігінің көмегімен босануға рұқсат беріледі

Павлодар қалалық СПИД орталығының бас дәрігері Сағит Иманғазиновтың айтуынша, табиғи жолмен босанған кезде баланың анасынан дерт жұқтырып алу қаупі жоғары. "Бүгінде біз қолданып отырған әдістеме, яғни, кесарево тілігінің көмегімен босануға рұқсат беру бұл қауіпті мейлінше азайтуға мүмкіндік береді",- деді С.Иманғазинов.

Сөйтіп, қазіргі жағдаймен Павлодарда 13 бала осындай жолмен дүниеге келді. Нәрестелердің денсаулық жағдайы орташа деп бағалануда. Олардың қанынан иммунитет тапшылығының вирусы табылған жоқ.
"ВИЧ індетінің анадан балаға тікелей жұғуының алдын алу" әдістемесін АҚШ-тың халықаралық денсаулық сақтау одағы ойлап тапқан. Бағдарлама бірнеше кезеңнен тұрады. Кесарево тілігін жасамас бұрын болашақ аналар күшейтілген дәрігерлік бақылауға алынып, қажетті емдеу онкүндігі тағайындалады. Ал бала дүниеге келгеннен кейін ол жасанды қоректендіріледі. Аналар баласын омыраудан қоректендіруге тиіс емес. Жоба жүзеге асырылар алдында Павлодар СПИД орталығының мамандары Одессада оқып қайтты. АҚШ-тың халықаралық денсаулық сақтау одағының мәліметі бойынша, бұл қалада ВИЧ індетін жұқтырған 500-ден астам бала ресми түрде тіркелген.
ВИЧ індетінің таралу қарқынына қарай Павлодар облысы еліміздегі ең бір қолайсыз аймақтар санатында қалып отыр. Індет жұқтырғандардың 79 процентінің бала табатын жастағы әйелдер екені дәрігерлерлің алаңдаушылығын айрықша тудыруда. ВИЧ індетінің негізінен жыныстық қатынас арқылы жұғатындығы да дәрігерлерді алаңдатады. Дәрігерлердің мәліметі бойынша, қазіргі жағдаймен жезөкшелікпен шұғылданатын 27 әйелдің ВИЧ індетін жұқтырғандығы белігі болды. Жұқпалы дерттің таралып кетуіне жол бермеу үшін СПИД орталығы қауіпті топ арасында презервативтер мен шприцтер тарату жұмысын күнделікті жүзеге асыруда.
Қазіргі жағдаймен Павлодар облысында ВИЧ індетін жұқтыру оқиғасы 840 мәрте тіркелді. Жалпы алғанда республикалық СПИД орталығында 4345 адам тіркеуде тұр.