Павлодар облысында жалған ақшамен сауда жасағандар ұсталды

Бұл жағдайда сатушылардың да алаңғасарлығын айтуға болады. Ертіс ауданының 34 жастағы тұрғыны үш бірдей дүкенге кіріп, азық-түлік пен спирттік ішімдік алған. Клиенттің арам ойын аңғармаған сатушылар 5 мың теңгелік қағаздағы «төлем қаражаты болып саналмайды» деген жазуға да мән бермепті. Оның кәде-сый купюра екендігін қызметкерлерінен күнделікті түсімді алуға келген дүкен иелері анықтаған.

Loading...