Павлодар облысында жанармай құйылған цистернаның жарылуы салдарынан бір адам опат болды

Жанармай құйылған цистерна Шарбақты ауданы Александровка ауылындағы жанармай тарату станциясының жанында жарылған. Жарылыс кезінде жанармай тарату бекетінде 50 жастағы меңгеруші болған. Ол жарылыс салдарынан оқиға орнында көз жұмды.

Алдын-ала мәлімет бойынша, жарылысқа нысандағы қауіпсіздік талаптарын бұзу себепкер болған.