"Қоластында істейтін қызметкердің мәйітін "Барсуковская" жанармай тарату бекетінің қожайыны түнгі қаржыны алып қайту үшін келген сәтте таңертеңгісін тауып алған",- деді Р.Шұңғылов. Оның айтуынша, бекет қызметкерін әлдебіреулер басы мен кеудесінен атып өлтірген. Кассадан түнгі түсім - 18 мың теңге жоғалған.
Полиция қызметкерлері күдікті ретінде Шарбақты ауылының 24 жастағы тұрғынын ұстады. Ол тонаушылығы мен ұрлық жасағаны үшін талай мәрте сотталған.
Р.Шұңғыловтың айтуынша, тәртіп сақшылары күдіктінің үйінен 12-ші калибрлі шолақ қосауыз мылтықты тапты. Тәртіп сақшыларының хабарлауынша, тұтқын қылмысын мойындаған.
Қазір күдікті уақытша тергеу қапасында отыр. Оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің қасақана кісі өлтіру жөніндегі 96-бабы, 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Соған сәйкес 6-15 жылға бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.