ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің мәліметтері бойынша, 13 мамырда 17 сағат 30 минутта Төрт Құдық ауылына жақын жатқан бұрынғы әскери полигонының аумағында жергілікті тұрғындар далада жарылмаған авиациялық әскери снарядты тапты.
Баспасөз қызметі хабарлағанындай, полиция қызметкерлері ҚР қорғаныс министрлігінің саперлері келгенінше снаряд табылған жерді қоршауға алды.