Павлодар облысында жол апаты салдарынан 8 адам қаза тапты

Кеше сағат 12-ден 20 минут кеткенде Павлодар ауданының аумағында, Павлодар-Омбы бағытындағы тас жолдың 32-шақырымында бір-біріне қарсы бағытта келе жатқан "Ауди-100" және "Ауди-80" автокөліктері соқтығысып қалды. Апат салдарынан көліктердің 31 және 46 жастағы жүргізушілері сол жерде қаза тапты. Сондай-ақ, 9 және 11 жастағы екі ұл мен 17-18 жастағы қыз, 30-35 жастағы жігіт те апат орнында мерт болды. 1981 және 1992-жылы туған тағы екі жолаушы ауруханада қайтыс болды.

Қазір оқиға болған жерде апатттың себеп-салдары мен қаза тапқандардың нақты санын айқындайтын арнаулы комиссия жұмыс істеп жатыр.
Алдын-ала мәлімет бойынша, Ресейлік номерлі, ішінде үш адамы ар "Ауди-100" автокөлігі Томскден Павлодарға , ал Қазақстандық номері бар "Ауди-80" ішіндегі 5 адаммен Қарағандыға қарай бет алған сыңайлы.