"Екібастұз ауданында Шідерті-Рыбхоз ауылындағы автожолдың 5-ші шақырымында 3 сағат 30 минутта "Фольксваген - пассат" көлігінің жүргізушісі көлігін басқа алмай, аударып алды", -деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Көлікте болған 19 жастағы бір студент жарақат пен күйік салдарынан оқиға орнында жан тапсырып, жүргізуші мен басқа екі жолаушы аудандық ауруханаға жатқызылды.