Апат 2-мамырда Павлодар-Екібастұз автожолының 8-шақырымында Ленинский ауылының маңында болған. "Даймлер-Бенц" автокөлігінің 36 жастағы жүргізушісі мас күйінде көлігінің тізгініне ие бола алмай, аударып алған.
Апат салдарынан көлікте отырған 22 жастағы бір әйел мен еркек оқиға орнында мерт болды. Жүргізуші мен 19, 20 және 23 жастағы үш жолаушы түрлі жарақаттармен Павлодар облыстық клиникалық ауруханасына жатқызылды.