Павлодар облысында жолаушылар мінген бағыттық автобус өртенді

Дүйсенбі күні Павлодар облысының Ақсу қаласында жолаушылар мінген бағыттық автобус өртенді.


"Автобус қаладан Ақсу ферроқорытпа зауытына бара жатқан. Көліктің сыртындағы жылу-изоляция қаптамасы өртенген", - делінген хабарламада.
20 жолаушы қауіпсіз жерге көшірілді. Олардың арасында алты бала бар.