Павлодар облысында жолаушылар транспорты мен автожолдар департаментінің жаңа директоры тағайындалды

Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, өңір басшысы Қайрат Нұрпейісовтың бұйрығымен "Павлодар облысында жолаушылар транспорты мен автожолдар департаменті" МБ-ның бастығы болып Алмаз Олжағұлов тағайындалды.

А. Олжағұлов 1976 жылы Павлодар облысының Май ауданында туған. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін "менеджмент" мамандығы бойынша бітірген. 2005 жылы "Павлодар әкімдігі қалалық трамвай басқармасы" ҚКК-ның бастығы болып тағайындалды.