Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, апат жұма күні түнде республикалық маңызы бар Павлодар - Қызылорда тасжолының 154-шақырымында болған.
Прокуратураның мәліметтеріне сүйенсек, "БМВ" көлігінің жүргізушісі "ЗИЛ" жүк көлігінің тіркемесінің артынан соғылған. "Жол-көлік оқиғасының салдарынан жеңіл көліктің жолаушысы Александр Боль оқиға болған жерде қайтыс болды. "БМВ" ішіндегі тағы бір адам - Инна Кушваева ауруханаға жеткізілгеннен кейін қайтыс болған",- деп хабарлады прокуратураның қызметкерлері. Олар сондай-ақ "жеңіл көліктің жүргізушісі мен үшінші жолаушы әртүрлі жарақаттармен Екібастұздың орталық аудандық ауруханасына жеткізілді",- деп қосты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті