Павлодар облысындағы алқаптардың бірінде граната табылды


"27 тамыз күні сағат 15:15-те Тереңкөл ауданының кезекші бөліміне Трофимовка ауылының 1986 жылы туған, комбайншы болып жұмыс жасайтын тұрғынынан қоңырау келіп түсті. Ол ауылдан 200 метр қашықтықтағы алқаптан қол гранатасына ұқсас зат тауып алған. Жедел тергеу тобы және саперлер анықталған жерге барды. Тексеру жасалды. Қол гранатасы оқу-жаттығуға арналған болып шықты", - делінген ведомствоның хабарламасында.