Павлодар облысындағы әуе бомбасының жарылуы кезінде зардап шеккендердің жағдайы өте ауыр

Толықтырылған мәліметтерге сүйенсек, зардап шеккендер Екібастұз ауданының Шідерті кентінің тұрғындары болып шыққан. Олар және тағы бір ер адам жарылыс кезінде Төртқұдық ауылының маңындағы бұрынғы авиациялық полигонда металл сынықтарын жинап жүрген.