Дәрігерлердің мәліметтеріне сүйенсек, 35 жастағы ер адам денесінің қатты күйгенінен түнгі сағат 3.40-та жан тапсырған. "Қалғандарының жағдайы әлі ауыр қалпында. Олардың денелері мен тыныс жолдары қатты күйген", - деді Ә. Құсайынов. Дәрігерлер ешқандай болжам жасамай отыр. Олардың айтуынша, зардап шеккендер мұндай жағдайда қабылданатын барлық емдеу кешенін алып жатыр. Аурухана дәрі-дәрмекпен және құрал-жабдықтармен толығымен жабдықталған.