Павлодар облысындағы бір жетімханада бала еңбегін пайдалануға байланысты бір жасөспірім көз жұмған

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ағымдағы жылдың шілде айында Уәлиханов аудандық ауруханасында жетімханада тәрбиеленетін А. Широков есімді жасөспірім есін жимастан көз жұмған. Ол ауруханаға "жанармай буынан ауыр улану" деген диагнозбен жеткізілген.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, жасөспірімнің қайтыс болу себептерін анықтау барысында Солтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасы А. Широков пен тағы да осы жетімханада тәрбиеленетін Н. Скрипкин есімді жасөспірімді Кішкенекөл ауылының үш тұрғыны келісім негізінде "Қызылту Астық" ЖШС-де жанар-жағармайдан босатылған бөшкелерді тазарту жұмыстарына тартқанын анықтады.

Жетімхана қызметкерлерінің мәлімдеуінше, А. Широков пен Н. Скрипкин бұл жұмысқа ресми түрде жіберілмеген, басшылыққа ол жөнінде хабар бермеген. Алайда, жетімханада тәрбиеленушілер прокурорлармен әңгімеде бұл уәжді растамаған. Атап айтсақ, олар жетімхана директорының міндетін атқарушы Р. Балтабаев тікелей біле тұра оларды түрлі жұмыстарға тартып келгенін жеткізген, деп хабарлайды қадағалаушы мекеменің баспасөз қызметі.

Н. Скрипкиннің берген түсініктемесіне сәйкес, бөшкелерді тазарту жөніндегі жұмысты А. Широков пен оған жетімхананың түнгі тәрбиешісі С. Сұлтанов ұсынған, бірақ ол оқиға болардан 3 күн бұрын өз еркімен жұмыстан шығып кеткен.

Ал келісім-шартына сәйкес жұмысқа тапсырыс беріп, жасөспірімдерді жұмысқа тартқан М. Кәдіровқа қатысты аудандық ІІБ ҚР Қылмыстық кодексінің 152 -бабының 2-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғап, тексеріп жатыр.

Прокуратура ақпаратына сәйкес, жетімхана басшылығы балаларды қанауға түрткі болып қана қоймай, сонымен бірге, тәрбиеленушілерге мүлдем бақылау жасамаған. Мәселен, тексеру кезінде демалыс бөлмесінен эротикалық және порнографиялық фильмдердің жинағы табылған, оларды жетімханада тәрбиеленушілер қызметкерлер жоқ жерде ұдайы көретін болғаны анықталды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті