Табиғаттың тосын мінезінің салдарынан 4 ғимарат пен 5 тұрғын үйдің шатыры ұшып, қирап қалды.
Ақтоғай ауданында үдей соққан желдің жылдамдығы секундына 27 метрге жеткен. Соның кесірінен орта мектептің, «Қазпочта», «Қазақтелеком» бөлімшелерінің ғимараттары мен Мәдениет үйінің шатырларына зақым келді.
Жалпы дауылдан мекемелердің 2 мыңнан астам шаршы метрі, ал тұрғын үйлердің 400 шаршы метріне нұқсан келді. Павлодар облысы ТЖД хабарлауынша, дауылдан қаза тапқандар мен жараланғандар жоқ. Қазір оқиға орнында арнайы комиссия жұмыс істеп, келген материалдық шығынды есептеуде, - деп хабарлайды http://24.kz/.