Павлодар облысындағы пәтерлердің бірінде әйел мен екі бала өлі күйінде табылды

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 12 шілде күні сағат 11:40-та Ақсу қаласының полиция бөлімінің кезекші бөліміне Әуезов көшесіндегі пәтерде пышақ жарақаты түріндегі зорлық-зомбылық белгілері бар әйел мен оның 7 және 5 жастағы кәмелетке толмаған балалары табылғаны туралы хабарлама түскен.

"Оқиға орнына облыстық полиция департаментінің және прокуратураның басшылығы шықты. Тәжірибелі жедел қызметкерлер, тергеушілер қатарынан ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды. Жедел қызметкерлер мен учаскелік полиция инспекторлары куәгерлерді анықтау мақсатында аулаларды аралап, тұрғындардан сұрастыруда", – дейді департаментте.

Қазақстан Республикасы ҚК-нің 99-бабы – "Адам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды.