Павлодар облысының әкімдігі Болат Бақауовқа қатысты түсініктеме берді

Бұл туралы Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Павлодар облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ернар Сейтахмет өңір басшылығы қалыпты жағдайда жұмыс істеп жатқанын хабарлады.

Бұқаралық ақпарат өкілдеріне ақпарат бүгін таңертең берілді. Облыс әкімі баспасөз қызметінің басшысының хабарлауынша қазіргі кезде Павлодар облысының әкімдігі штаттық режимде жұмыс жасап жатыр.

"Облыс басшылығы өзінің жұмыс орнында. Тек қана, аймақ басшысы әкімі қазір әкімдік ғимаратында жоқ, ол қала ішінде жұмыспен жүр", - - деді Ернар Сейтахмет.

Естеріңізге сал кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде
Болат Бақауовтың ұсталғаны туралы ақпарат таралған
еді. Желілерде таралған мәлімет бойынша, Павлодар облысы әкімдігінің ғимараты қоршауға алынып, әкім тұтқындалып, ұсталып әкетілген.