Павлодар облысының әкімі қытайлармен уағдаласты

Қос тараптың болжамынша, келісім Қазақстанда бизнестегі бәсекеге қабілеттілікті арттырудың маңызды механизмі болып табылады және тығыз коммерциялық байланысты дамытуға, инвестиция көлемі мен технологиялар трансфертін арттыруға негіз болады, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Қол қойылған құжат аясында AVIC және Zhongtai Group компаниялары өндірістік қуаттылықтың Қытай-Қазақстан трансшекаралық ынтымақтастық қорын құрады. Сонымен қатар, әкімдік тарапынан ұсынылған инвестициялық жобаларды қаржыландыру мүмкіндіктерін қарастырады. Павлодар облысының әкімдігі серіктестіктеріне барлық тиісті қолдауды көрсетуге міндетті.

Бір сөзбен айтқанда, әлеуетті инвесторларға Қазақстан Республикасында «Тымлай» титан-магнетит кен орнында тау-химия-металлургиялық кешен жобасын құрастыру ұсынылды. Ол ҚХР реформалары мен даму комитеті, ҚР Инвестиция және даму министрлігінің басымдық берілген жобаларының тізіміне енеді.


IV Қазақстан-Қытай іскери кеңесінің отырысы аясындағы кездесу Астанада өтті. Оған 500 шақты адам қатысты. Оның ішінде мелмекеттік органдар мен екі елдегі ірі компаниялардың, қаржы институттарының өкілдері бар. Форум кезінде құны 7 миллиард долларды құрайтын 22 құжатқа қол қойылды.