"Екі аптадан кейін мен шабындыққа шығуым керек. Солярканың қоры біздің шаруашылығымызда жоқ. Біздің бұл жағдайдан қалай шығатынымыз беймәлім", - деді облыстың Железинск ауданының шаруа қожалықтарының бірінің басшысы. Оның айтуынша, дизельдік отынның белгіленген бағамен кепілдендірілген көлемі тек ірі астық егетін шаруашылықтарға ғана бөлінеді. Ал пішен дайындап жүрген ұсақ ауыл шаруашылық құрылымдарына келер болсақ, олар солярканы өздері нарықтық бағамен сатып алуға мәжбүр.
"Жанар-жағармайдың қымбатшылығын ескере отырып, біз шөп сатар кезде оның құнын 10-15 мың теңгеге жоғарылатуға мәжбүрміз", - дедйі шаруалар.
Сол арада Павлодарда соңғы күндері солярка құны 120 - 125 теңгеге жетті. Жанармайдың қымбаттауы халықаралық және қалааралық автобус қызметтерінің жаппай қымбаттауына алып келді. Мысал үшін, жекелеген бағыттардағы жол жүру құны 300 - 500 теңгеге қымбаттады.
"Павлодар облыстық көлік жүгізушілер одағы" қауымдастығының президенті Василий Рудаковтың хабарлауынша, қалалық жолаушылар көлігінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін Павлодарда жергілікті билік пен өңірдегі жанар-жағармай нарығындағы ірі оператор "Гелиос" ЖШС осы компнаияның жанармай құю бекеттерінің желісі арқылы қажетті көлемдегі дизельдік отынды шығаруға келісті.
"Біздің қажеттілігіміз шамамен 23 мың литрді құрайды. "Гелиос" өз уәдесінде тұрған уақытта олар бізді литріне 81 теңгемен соляркамен қамтамасыз етуге уәде берді", - деп атап көрсетті В. Рудаков. Оның айтуынша, Павлодарда жолаушылар тасымалына маманданған 10 көлік компаниясы жұмыс істейді.