Павлодар облысының бұрынғы әкiмi Е. Арын құрықталды

"Павлодар облысы әкiмдiгiнiң бiрқатар лауазымды тұлғаларына қозғалған қылмыстық iстiң негiзiнде 2014 жылы 4 наурыз күнi демеушiлерден Павлодар облысын абаттандыруға берiлген қаржыны жымқырды және iрi көлемде пара алды деген күдiкпен Павлодар облысының бұрынғы әкiмi Ерлан Мұхтарұлы Арын ұсталды", - делiнген хабарламада.

Қазiргi уақытта тергеу жұмыстары жүруде.