Павлодар облысының бұрынғы әкімі Қайрат Нұрпейісов ҚР қаржы министрінің орынбасары болып тағайындалды (толық нұсқасы)

"Мен Павлодарға Қайрат Нұрпейісовтың басқа қызметке ауысуына байланысты нақты мақсатпен келдім. Ол осымен алтыншы жыл әкім болып істеп келеді, бұл - мерзімнің шегі. Біраз жұмыс істеді, оған тағар ешбір кінә жоқ. Ол әлі жас, оның мүмкіндіктерін басқа салада пайдаланатын боламыз ", - деді Н. Назарбаев.

"Мен, қай салада жұмыс істесем де көп жылдар бойы қолдау көрсеткеніңіз үшін ризамын. Сіздің тапсырмаларыңызды орындауға әлі де дайынмын ", -деді Қ. Нұрпейісов президентке арнаған сөзінде.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Павлодар облысының әкімі қызметін Қайрат Нұрпейісов кейінгі 5 жыл бойы атқарды. 2003 жылы ол Павлодар қаласына әкім болған. Ал 1999 - 2002 жылдар аралығында Қайрат Нұрпейісов ҚР мемлекеттік кіріс вице-министрі қызметін атқарған.