Павлодар облысының экс-әкімі Ерлан Арынға қатысты қылмыстық істі қайта тергеуге қайтарылды


деп хабарлайды Павлодар облыстық прокуратурасының баспасөз хатшысы Айымгүл Ермұлатова. 

Оның сөзіне қарағанда, бұған толық және жан-жақты тергеудің қамтамасыз етілмеуі негіз болған. Тергеу ісі аяқталғанша Е.Арын қамауда болады.

Еске сала кетейік, Павлодар облысының бұрынғы әкімі Е.Арын осы жылдың 4 наурызында қамауға алынды. Ол қаражат қымқырғаны және ірі көлемде пара алғаны үшін айыпталып отыр.