Павлодар облысының өндірістік өнеркәсіптерінің атмосфераға шығаратын қалдығы 2013 жылға қарай 32 пайызға қысқаруы керек - Ысқақов

"2012 жылға қарай біз республикағадағы жалпы шығарылатын қалдық көлемін 30 пайызға азайтуымыз қажет. Павлодар облысына келер болсақ, атмосфераға шығаратын жинақ қалдық 2009 жылдың соңына қарай 17 пайыз, 2013 жылға қарай 32 пайыз қысқаруы тиіс. Қалдықтарды пайдалану көлемі қазіргі 3 пайыздан 2009 жылы 5, ал 2012 жылы 8 пайызға артуы керек", - деп хабарлады министр.

Н. Ысқақовтың айтуынша, бүкіл республикадағы шығарылатын қалдық көлемінің 20 пайызы Павлодар облысының үлесіне тиеді екен. Облыс экологиялық ахуалының төмендігі жөнінен Қарағанды облысынан кейін екінші орында тұр.

"Павлодар облысы таяу арада экологиялық мәселелерді шешуді талап ететін өңірлердің бірі. Павлодар облысының өнеркәсіптері зиянды қалдықтарды азайту жұмыстарына белсенді түрде араласуы керек", - деп атап көрсетті министр.

Н. Ысқақов 2007 жылдың қыркүйегінде президент тапсырмасымен нысандық тұрақты даму көрсеткіштері жасалғанын еске салды. Оған сәйкес Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны қорғау жағдайын жақсартуға баса назар аударылады. Осы көрсеткіштер бойынша Павлодар облысы экономикасының энергетикалық сыйымдылығы 2010 жылы 9 пайызға, 2013 жылы 27 пайызға төмендеуі керек", - деді министр.