Павлодар облысының қалаларын қоршай тамақ өнімдерін делдалсыз сату бойынша азық-түлік белдеулері құрылады

"Мемлекет басшысының Астананы айнала азық-түлік белдеуін құру қажет деген тапсырмасы бар. Бұл да Алматының маңайы секілді жақсы сүйеніш. Сондықтан біз де осы идеяны енгізуді жөн деп таптық", - деп атап көрсетті Павлодар облысының әкімі. Оның айтуынша, қазір осы бағытта тиісті жұмыстар жүргізілуде.

"Әкімдіктің алдағы отырысында біз осы азық-түлік белдеулерін құру бағдарламасын қарастырып көреміз. Олар үш жерде басты өнеркәсіп орталықтары - Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларының маңында орналасады", - деді Қ. Нұрпейісов.