Павлодар облысының Қашыр ауданында сайлаушылардың 80 пайыздан көбі дауыс берді

"Біріншіден, Қашыр ауданында елді-мекендер айтарлықтай тығыз орналасқан, ауданда 45 сайлау учаскесі бар, және де әрқайсысына небәрі 50 - 55 сайлаушыдан тиесілі",- деп түсіндірді Ә. Сабырханова.

Сонымен қатар, оның айтуынша, бүгін аймақтың қала тұрғындарынан қарағанда ауыл тұрғындарының белсенділігі өте жоғары. 12.00 жағдаймен Лебяжы, Май және Ақтоғай аудандарында сайлаушылардың 50 пайызы дауыс берген. Павлодарда 12.00 жағдаймен өзінің сайлаушылық құқығын тұрғындардың небәрі 11,1 пайызы пайдаланса, Екібастұзда - 26 пайыз, Ақсуда - 32 пайызды құраған.

"Павлодардағы сайлаушылардың келу көрсеткішінің төмендігін түсіндіру оңай: қалада 211 мыңнан астам сайлаушы тұрады, бұл облыстағы барлық сайлаушылардың (456 мыңнан асып жығылады) жартысына жуығы болып табылады. Жалпы Павлодар облысындағы көрсеткіш үміттендіреді: сағат 12 дейін келгендердің саны 26,33 пайызды құрады, болжам жасамай-ақ қояйын, бірақ сайлауды белсенді деп атауға болады",- деген сенімде облыстық сайлау комиссиясының төрайымы.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті