Павлодар облысының Сәулет және қала құрылысы басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Б.Қ. Жаңабаев 1973 жылы туылған, сәулетші мамандығы бойынша Өскемен жол-құрылыс институтын тәмамдаған.

1996 жылдан бастап «Нива» ЖШС-те сәулетші-дизайнер болып жұмыс істеген, 2001-2004 жылдары - «Пик-Тайм» ЖШС-тің сәулетші-дизайнері. 2004 жылдан бастап мемлекеттік қызметте, Павлодар қаласы сәулет және қала құрылысы басқармасының бастығы - Павлодар қаласының бас сәулетшісі, Павлодар қаласы қала құрылысы және құрылыс бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді. 2006 жылы - «Павлодар облысы сәулет және қала құрылысы департаментінің Күрделі құрылыс басқармасы» КМК-ның маманы. 2007-2011 жылдары - «Геодезия және картография-ПВ» ЖШС директорының орынбасары, директоры.

2011 жылдан бастап осы лауазымға тағайындалмас бұрын Павлодар облысы сәулет және қала құрылысы басқармасының аумақты жоспарлау және құрылыстарды салу бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді.