Павлодар облысының төрт тұрғыны терроризмді насихаттағандығы үшін сотталды


20-46 жас аралығындағы төрт ер адам әлеуметтік, діни,ұлттық алауыздықты қоздырғандығы үшін, терроризм мен экстремизмді насихаттағандығы үшін, көпшілікті терроризм актілерін жасауға үгіттегендігі үшін кінәлі деп танылды, деді жұмада "Интерфакс-Қазақстанға" соттан.
"Үкімге орай күзет агенттігінің жетекшісі 46 жастағы ер адам алты жылға бас бостандығынан айырылды, екіншісі төрт жылға, екеуі үш жарым жылға сотталды, жазаларын жалпы режим колониясында өтейді”, деді соттан.
Істің материалдарына қарағанда, топ басшысы өзін "Жамаат Айдархан" қоғамының әмірі деп атап, жас жігіттерді террористік қызметке тартқан. Олар радикалды исламды уағыздаған, мешіт жанына не жалданған пәтерлерге жиналып отырған.