Ер кісі үш жылға сынақ мерзіммен шартты түрде бас бостандығынан айырылды, делінген облыстық сот сайтында.
Сайт мәліметіне сәйкес, 2013 жылы сәуір айында Н.есімді азамат Сирияға қарулы оппозиция жағында әскери қақтығыстарға өатысу үшін кеткен,
Түрік-сирия шекарасының аумағында жүріп ол телефон арқылы және Интернет арқылы өзімен бірге дін ұстанушы танысы Е.деген азаматты қару мен оқ-дәрі сатып алуға қаржылық көмек көрсетуге итермелеген.
Қару сатып алуға және Сирияға баруға, әскери қақтығыстарға қатысуға карталық шотқа 500 АҚШ долларын салып жіберуді сұраған.Сақтық үшін қару мен автоматты «құрал» деп жазып, хат-хабарларды өшіріп тастауды айтқан.
Сол жылы мамырда азамат Е-ге дін ұстанушы тағы бір азамат қару сатып алуға 15 мың жинауға көмектескен, ол өзі 9 мың теңге қосып танысының карталық шотына ақша жібергеннен кейін ұсталған.