Павлодар өңірінің қымызы шет елдерге экспорттала бастады

«Қымыз өндіру өнеркәсіптік негізде қолға алынды. Бүгінде бұл сусын шыны және пластикалық ыдыстармен бірнеше елге экспортталып жатыр», - деді облыс әкімі.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін елордада Астана әкімдігі мен Павлодар облысының әкімдігі арасында сауда-экономикалық қатынасты жүзеге асыру жөніндегі меморандумға қол қойылды. Бұл құжатты Астана  әкімі Әділбек Жақсыбеков пен Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев бекітті.

 «Бұл келісім ең алдымен ішкі нарықты дамыту, сондай-ақ отандық азық-түлік өнімдерін жеткізу бойынша ынтымақтастықты кеңейту тұрғысында Елбасының тапсырмасын орындауға бағытталған»,-деді елорда әкімі Әділбек Жақсыбеков.