Павлодар педагогикалық институтында күрестен Кеңес Одағының Батыры Махмет Қайырбаевты еске алуға арналған турнир өтті

деп хабарлады аталмыш жоғары оқу орнының баспасөз қызметі.

Сегіз салмақ дәрежесінде болып өткен бәсекеде Павлодар, Екібастұз, Ақсу және Қарағанды қалаларының жоғары оқу орындары мен колледждерінен келген он команда қатысты.

Төрт салмақ дәрежесінде ПМПИ-ның спортшылары жеңіске жетті.

Абсолюттік салмақта бірінші орынды павлодарлық Айдын Жұмабеков жеңіп алса, Ақтоғай ауданынан келген Салман Мержоев екінші орынды еншіледі, үшінші орында - қашырлық Артем Елгин.

Махмет Қайырбековтың зайыбы Сәбира апай ұйымдастырушыларға алғысын айтып, спортшыларға денсаулық пен үлкен жеңістер тіледі.