Павлодар педагогикалық институтында «Сергектік пен денсаулық» спартакиадасы басталды

Олар «Сергектік пен денсаулық» спартакиадасына қатысты, деп хабарлайды ЖОО-ның баспасөз қызметі.

Факультеттердің сегіз командасы, ПМПИ колледжі, ректорат және шаруашылық басқармасының құрамалары биылғы жылы волейбол, баскетбол және теннистен спартакиада жеңімпазы атануға таласып отыр.

Ал спортшылардың дәлдігін, жылдамдығын, күші мен ептілігін сынаған «Көңілді старттар» эстафетасы аяқталды - филологиялық және психологиялық-педагогикалық факультеттердің біріккен тобы бәрінен күшті болды.

Спартакиаданы ұйымдастырушылар - ПМПИ-ның дене шынықтыру және спорт факультетінің оқытушылары.