Павлодар педагогикалық институтының спортшылары Лондон Олимпиадасына жолдамалар алды

С.Зайков Олимпиадаға жолдаманы жеңіл атлетика бойынша республикадағы ашық чемпионатта жеңіске жеткен соң алды. 400 метр қашықтықта 45,67 секунд нәтижесімен ол жеңімпаз атанып, «В» тобындағы олимпиадалық нормативті көрсетті.

Роман Валиев Олимпиада ойындарына үшінші рет барады. Чемпионатта ол үш айналып секіруде 17,2 метр көрсеткішпен бірінші орын алды («А» тобы). Сергей мен Роман - ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушысы, ПМПИ-ның профессоры Виктор Кольевтің тәрбиеленушілері.

Павлодардың олимпиадашылары қатарында ПМПИ-ның түлегі Александра Фишер де бар. Ядро лақтыруда 17,41 метр нәтижесін көрсетіп, «В» тобындағы нормативті орындаған ол, бірінші орынға ие болды.