Павлодар полицейлері оқушы қыздың өліміне байланысты сот-медициналық сараптама нәтижелерін хабарлады


Осыған дейін хабарланғандай, 21 қазан күні қыз бала сабақтан кейін үйіне қайтып келмеген. Оны екі апта бойы полиция қызметкерлері, еріктілер мен ауыл тұрғындары іздеді. Жасөспірімнің мәйіті үйінен 250 метр жерде құрылыс алаңындағы арықтан табылған. Осы іске қатысты полиция 20 жастағы ауылда тұратын жас жігітті ұстады. Ол өз кінәсін мойындап жауап берді. Кешенді сот молекулалы-генетикалық сараптама мен талшықты материалдар мен бұйымдарды ҚР Әділет министрлігінің сот сараптама орталығы тексерді. Зардап шеккен Анастасия Шарипованың ДНК мәліметтері мен айыпталушының қолғабынан жапа шегушінің күртесінің талшықтары табылған. Осы қолғаптан табылған ДНК қоспасы мерт болған қызға тиесілі екендігі анықталды.