Павлодар прокуратурасы борышкерлерден 52 млн теңге өндіріп алған

Қадағалау органының баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, Павлодардың прокуратурасы 9 ай ішінде атқару өндірісіне қатысты процесс бойынша азаматтардың, заңды тұлғалар мен мемлекеттің конституциялық құқықтарын сақтауды қадағалауда, атқарушы органдар мен лауазымды тұлғалардың заңды нақты қолдануын қадағалауда 227 тексеру жүргізген.

Анықталған заң бұзушылықтар бойынша прокурордың 79 нұсқауы орындалып, 29 ұсынысы қаралған. Сонымен қатар, 8 адам тәртіптік жауапқа тартылса, 5 адам әкімшілік жауапқа тартылған, деп атап өті баспасөз қызметіндегілер.

3 қылмыстық іс қозғалып, 2 тұлға қылмыстық жауапқа тартылған. Қазіргі уақытта мемлекет пайдасына 30 млн 334 мың теңге аударылған, ал өткен жылғы осы кезеңде мемлекет пайдасына 5 млн 618 мың теңге қайтарылған болатын.

"Сот атқарушыларының әрекетсіздігі борышкерлердің заңды күшіне енген сот актілерін орындаудан жалтаруға мүмкіндік берген, ал бұл өз кезегінде мемлекет мүддесінің бұзылуына әкеп соқтырып отыр",- деп атап көрсетті қадағалау органының баспасөз қызметіндегілер.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті