Облыстық прокуратураның ақпаратына сәйкес, қылмыстық істердің жоғалу дерегі Павлодардғы Оңтүстік және Солтүстік ішкі істер бөлімдерін, сондай-ақ, Екібастұз өңірі ІІБ-ін жоспарлы тексеру барысында анықталған. "Біз 300-ден астам қылмыстық істі таппадық. Олардың арасында 8 -і аса ауыр қылмыстарға, атап айтсақ, кісі өліміне қатысты істер",- дейді қадағалаушы органдағылар.
Прокурорлардың ақпаратына сәйкес, өткен ғасырдың 60-шы жылдарына бастап қазірге дейінгі полиция құжаттары тексеру аясына қамтылған. Жоғалып кеткен қылмыстық істердің басым бөлігі 90-шы жалдарға қатысты. Сол сәтте олар таратылған мемлекеттік тергеу комитетінен ІІБ-ның қарамағына өтті.
Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің "немққұрайдылық" жөніндегі 316-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. "Кінәлілерді табу өте қиын. Өйткені сол кездегі полицияның жауапты қызметкерлерінің басым бөлігі қазір мекемеде жұмыс істемейді. Қазір жоғалған қылмыстық істерді бақылау-қадағалау құжаттарының негізінде қалпына келтіруге шаралар қолданылуда",- дейді ақпарат көзі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті