Павлодар қаласына жаңа әкім тағайындалды

14-маусымда қаланың бұрынғы әкімі Қайрат Нұрпейісов Павлодар облысының әкімі болып тағайындалғаннан бері бұл орынтақ үш ай бойы бос тұрды.

Б.Демеуов Павлодар облысы Баянауыл ауданының тумасы. Ол Алматыдағы халықшаруашылығы институтында экономист мамандығы бойынша жоғары білім игерген. Еңбек жолын Баянауыл ауданының қаржылық бөлімінде бастады. Соңынан ол Павлодар облысының салық және қаржылық құрылымдарында жұмыс істеді. Атап айтсақ, Павлодар облыстық қаржылық бақылау басқармасының бастығы, Павлодар қаласы қаржы басқармасының бастығы тәрізді қызметтер атқарды. Соңғы уақытта 44 жастағы Бәкір Демеуов Павлодар облысы әкімінің экономика жөніндегі орынбасары болды.