Павлодар қаласында жер үйде болған өрт салдарынан 3 адамнан тұратын отбасы опат болды

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, жер үйді өрт шалғаны туралы хабар кеше таңғы сағат 07.57-де келіп түскен. Өрт сөндіруге 3 өрт сөндіру машиналары жұмылдырылған.

Өрт сөндіру барысында үш адамның мәйіті табылған. 46 жастағы үй иесі, оның 22 жастағы әйелі және олардың 5 айлық сәбиі табылды, деп атап көрсеткен өрт сөндіру қызметі департаментінің баспасөз қызметі.