Округ басшысы Жолқұдық ауылында азаматтан жеке тұрғын үй салуға және қосалқы шаруашылығын жүргізуге жер учаскесін беру үшін 50 мың теңге алған.
Ақсу қалалық соты айыпталушыны тұтқындауға санкция берді, қылмыстық іс тергелуде.
Пара алу фактісі бойынша екінші іс дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған кадет мектеп-интернатының директорына қарсы қозғалды. Ол бір азаматтан баласын оқуға түсіру үшін 300 мың теңге пара алу кезінде ұсталды.
Лауазымды адамға қатысты сот өндірісіне дейінгі оңайлатылған тәртіп қолданылды, 30 шілдеде қылмыстық іс сотқа жіберілді.