«Ертіс» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлері «Қала маңына тасымал» АҚ-ның «Павлодар - Құланды» бағытындағы жолаушылар пойызын тексеру барысында, Қызыләскер - Павлодар учаскесінде 69 жолаушынының пойызға билетсіз отырғанын анықтады.
2013 жылдың 7 айында еліміздің темір жолдарында 1206 (2012 жылдың осы кезеңінде - 573) жолаушылар пойызы тексеріліп, 912 жолаушының (2012 жылы - 556) пойызға билетсіз отырғаны анықталды.
Теміржол көлігінде жолаушылар мен жүктерді тасымалдау ережесін бұзғаны үшін тасымалдаушының қызметкерлеріне қатысты әкімшілік іс қозғалды.