Павлодар симфониялық оркестрі Германия, Франция, Жапония және АҚШ-тың ең таңдаулы әлемдік өнім өндірушілерінен жаңа аспаптар алды

Павлодар облыстық мәдениет департаментінің мәліметінше, 50 дана жаңа аспапты сатып алуға өңір бюджетінен 25 млн теңге жұмсалды.

Аймақтық мәдениет департаменті мамандарының айтуынша, 2007 жылды өңір мәдениеті үшін ең табысты жыл болды деп атауға болады. Мәселен, ағымдағы жылдың тамызында қалалық мәдениет сарайы мен облыстық "Шаңырақ" халық шығармашылығы орталығы әлемге танымал "Steinway & Sons" маркалы 2 рояль сатып алды. Ал қыркүйек айында Павлодар симфониялық оркестрінде ескі аспаптарды жаңасына алмастыру аяқталды. Павлодар симфониялық оркестрінің көркемдік жетекшісі Болат Рахымжановтың айтуынша, кейбір аспаптар тіпті саз әлеміндегі ең таңдаулы өнімдерге жатады.

"Айталық, Жапонияның танымал "Мурамацио" маркалы флейтаның жасалуы мен дыбыс шығаруы жағынан дүниежүзінде баламасы жоқ болса, Франциядан әкелінген "Буфе" кларнеті мен "Александер" валторнасын әрбір сазгер иемденгісі келеді, қазір бұл біз үшін нақты ахуалға айналса, басқалар үшін әлі де қиялдағы дүние күйінде қалып отыр", - деді Б. Рахымжанов.

2003 жылы құрылған ұжым ендігі жерде өз шығармашылығында ауқымды жоспарлар жасап, әлемге танымал орындаушылар мен жеке орындаушыларды шақыруды көздеуде. 5-ші саз маусымының ашылуында, 7 қазанда, Павлодарлықтар үшін Эдвард Григтің танымал туындысы - 3 бөлімнен тұратын формепьянолы оркестрге арналған концерт өтеді. "Steinway & Sons" роялінде ойнауға Татарстан халық әртісі Евгений Михайлов шақырылған. Рахманинов атындағы халықаралық пианистер байқауының 1-ші сыйлығы иегерінің концертінің билеттері әлден сатылып кеткен.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті