Павлодар соттары журналистер үшін есігімізді ашамыз деп уәде беруде

"Бұған дейін арамызда болған жатсыну оқиғалары енді жойылуға тиіс. Судьялар біздер үшін журналистер бұдан былай әріптертерге, достарымызға айналуға тиіс",- деді Е.Серекбаев.

Судьялардың пікірінше, журналистер бұрын шулы сот мәжілістеріне қатысты ақпаратты ұдайы шынайылықпен тарата бермейтін. Ал қазір БАҚ өкілдеріне жаңаша режимде жұмыс істеу ұсынылып отыр. Е.Серекбаевтың айтуынша, соттар өз іс-қызметінің жан-жақты жариялы әрі ашық болатынын айтып уәде беруде, ал бұл өз кезегінде халық арасындағы түсінбеушілікті жоюға жол ашады.

"Сіздермен тығыз байланыста жұмыс істеу арқылы ғана біз сот жүйесіндегі олқылықтарды анықтай аламыз",- деді облыстық соттың төрағасы.

Сонымен бірге облыстық соттың бас судьясы журналистердің тиімді жұмыс істеуі үшін облыстағы барлық деңгейлі соттардың баспасөз хатшылары болып тәжірибелі әрі кәсіби судьялар тағайындалады деп уәде берді. "Ендігі жерде журналистердің облыстағы сот залдарында жұмыс істеуіне ешбір кедергі келтірілмейді",- деп сендірді Е.Серекбаев.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті